Вход
Логин:

Пароль:

запомнить пароль

Регистрация
Забыли пароль?


 
2014-10-02 05:36 - Қарияларды құттықтады
Новость сообщил RTCдругие новости (ТВ "Хабар")
ТВ Бүгін халықаралық қарттар күн
і. Осынау мерекеге орай қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік кешке ардагерлер, тыл еңбеккерлері, зейнеткерлер және Қостанай қаласының Құрметті азаматтары қатысты. Қариялар үшін тың және тыңайған жерді игерудің 60 жылдығына байланысты көрме ұйымдастырылыпты. Концертке жиналған ата-әжелер осынау көрмені тамашалап, өткен күндерді еске алды.
Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар «Ақ дариға», «Ивушка», «Костанайские зори» хорлары мен «Узоры», «Карнавал» бишілер ансамбльдері ән мен биден шашу шашты. Бастауыш сынып оқушылар ата-әжелерге арнап тақпақ айтып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Салтанатты шара барысында қала басшысы А.Ахметжанов қарияларды мерекемен құттықтады.
-Құрметті ардагерлер, аяулы аналар! Сіздерді халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын. Бұл мерекені елімізде атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналды. Себебі, бұл күні кейінгі толқынның аға буынға деген ыстық ықыласын білдірмек,-деді Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов.

Кустанай
Карта Костаная
Карта области

Счетчик посещений

Наши партнеры
Помогите детям

Banner

2003 © Interstan® .