Вход |
|
|
|
2013-08-06 10:59 - Батырға ескерткіш орнатылды | Новость сообщил RTC | другие новости () | | Федоров ауданының орталығында Кеңес Одағының батыры Григорий Кравцовтың ескерткіші ашылды |
| | Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралы Садуақасов, аудан, қала әкімдері, жергілікті тұрғындар мен батырдың туған-туыстары қатысты.
Г.Кравцов – 1922 жылы Федоров ауданының Старожиловка ауылында дүниеге келген.Ол 1943 жылы маусым айында Приволжск округіне қарасты "Смерш" барлау бөліміне жіберіледі. Лейтенант Кравцов кейін өзінің өтінішімен 374-ші жеке әскери айып ротасының 69-шы армиясына шұғыл уәкіл болып қабылданады. Григорий Кравцов бастаған барлаушылар тобы аса маңызды тапсырмаларды мүлтіксіз орындауда жаудың сегіз жауынгерін жер жастандырып, екі офицерін қолға түсіреді. Оның бірі өте құпия мәліметтерді білетін унтерофицер болып шығады. Осы операциясы үшін лейтенант Г.Кравцов 2 дәрежелі Отан орденімен марапатталады.Ол кейін бірнеше ауыр шайқастарға қатысып, көзсіз ерлік істерге барған. Сондай ұрыстардың бірінде Г.Кравцов ауыр жараланып көз жұмады. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 6 сәуір-дегі жарлығымен Г.Крав-цовқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.
Бүгінде Қостанайда Кравцов атындағы көше бар. Оның туған ауылына батырдың есімі берілді. Енді міне, аудан орталығында батырдың еңселі мүсіні бедерленген ескерткіш бой көтеріп отыр.
Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі: "қанқұйлы фашизмге қарсы жанқиярлықпен күрескен жерлестеріміздің ерлік істері өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатынына сенімдімін. Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелейді. Өскелең жастың бойында патриоттық сезім қалып-тастырады", – деп атап көрсетті. Мұнан кейін осы ескерткішті орнатуға мұрындық болған әрі өз қаржысына тұрғызған "Сұлу жер" ЖШС директоры Василий Иванько сөз алды. Батырдың туыстары да бірер ауыз жылы лебіздерін білдірді. Ескерткішті көмкерген ақ сисепті облыс әкімі Нұралы Садуақасов пен батырдың қарындасы Валерия Кравцова ашты. Осы арада құрметті қарауыл үш мәрте салют беріп, жұртшылық соғыста шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сосын ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Әлібек
ИБРАЕВ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Г.Кравцов мүсіні алыстан көз тартады
Облыс әкімі Н.Садуақасов ескерткіштің ашылу салтанатында
ескерткіші ашылды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралы Садуақасов, аудан, қала әкімдері, жергілікті тұрғындар мен батырдың туған-туыстары қатысты.
Г.Кравцов – 1922 жылы Федоров ауданының Старожиловка ауылында дүниеге келген.Ол 1943 жылы маусым айында Приволжск округіне қарасты "Смерш" барлау бөліміне жіберіледі. Лейтенант Кравцов кейін өзінің өтінішімен 374-ші жеке әскери айып ротасының 69-шы армиясына шұғыл уәкіл болып қабылданады. Григорий Кравцов бастаған барлаушылар тобы аса маңызды тапсырмаларды мүлтіксіз орындауда жаудың сегіз жауынгерін жер жастандырып, екі офицерін қолға түсіреді. Оның бірі өте құпия мәліметтерді білетін унтерофицер болып шығады. Осы операциясы үшін лейтенант Г.Кравцов 2 дәрежелі Отан орденімен марапатталады.Ол кейін бірнеше ауыр шайқастарға қатысып, көзсіз ерлік істерге барған. Сондай ұрыстардың бірінде Г.Кравцов ауыр жараланып көз жұмады. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 6 сәуір-дегі жарлығымен Г.Крав-цовқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.
Бүгінде Қостанайда Кравцов атындағы көше бар. Оның туған ауылына батырдың есімі берілді. Енді міне, аудан орталығында батырдың еңселі мүсіні бедерленген ескерткіш бой көтеріп отыр.
Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі: "қанқұйлы фашизмге қарсы жанқиярлықпен күрескен жерлестеріміздің ерлік істері өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатынына сенімдімін. Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелейді. Өскелең жастың бойында патриоттық сезім қалып-тастырады", – деп атап көрсетті. Мұнан кейін осы ескерткішті орнатуға мұрындық болған әрі өз қаржысына тұрғызған "Сұлу жер" ЖШС директоры Василий Иванько сөз алды. Батырдың туыстары да бірер ауыз жылы лебіздерін білдірді. Ескерткішті көмкерген ақ сисепті облыс әкімі Нұралы Садуақасов пен батырдың қарындасы Валерия Кравцова ашты. Осы арада құрметті қарауыл үш мәрте салют беріп, жұртшылық соғыста шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сосын ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Әлібек
ИБРАЕВ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Г.Кравцов мүсіні алыстан көз тартады
Облыс әкімі Н.Садуақасов ескерткіштің ашылу салтанатында |
|
Кустанай |
|
|
Счетчик посещений |
|
|
Наши партнеры |
|
|
|