Вход
Логин:

Пароль:

запомнить пароль

Регистрация
Забыли пароль?


 
2013-07-31 06:31 - Өңірде 39 бала "С" гепатитін жұқтырған
Новость сообщил RTCдругие новости ()
 Жақында облыстық денсаулық сақтау басқармасы "Вирустық гепатит" турасында
баспасөз мәжілісін өткізді. Журналистердің сұрақтарына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Каикмулла Шұғаев жауап берді.


Бұл жолғы журналистермен кездесу Ұлттық медицина холдингіне қарасты "Ана мен бала" орталығында ем қабылдап жатқан 30 сәбидің "С" гепатитін жұқ-тыруына байланысты болды. Аталмыш орталықта лейкоздан емделіп жатқан науқастарды ауруларынан айықтыру үшін 7 рет қан құйған. Айта кету керек, ол 30 бала әр аймақтан. Және бұл көрсеткіш 2013 жылдың алғашқы 6 айында анықталғаны. Қазір бұл істің анық қанығын Бас прокуратура тексеріп жатыр. Ал Қостанай облысында бұл дертпен қалайша күресіп жатқандығы жө-нінде Каикмулла Шұғаев айтып берді.

Түрлі жолмен таралатын бұл аурудың ең күрделі түрі ол "С" гепатиті. "В" және "С" гепатитіне көбінесе қан ау-руымен ауыратын науқастар шалдығады. Әлемдік тәжірибеде, егер де "С" гепатитіне 100 адам шалдықса, соның 50 пайызында ол ауру қайдан жұққанын анықтау мүмкін емес екен-дігі айтылған. Жалпы, гепатиттің бұл түрі организмге еніп, бірнеше уақыттан кейін яғни, адамның ағзасы нашарлап, иммунитеті тө-мендеген кезде біліне бастайды. Ал қан ауруымен ауыратын науқастар хи-миялық терапиядан өтетін-діктен, ағзалары нашарлап, ауруды ушықтырып алу қаупі молырақ. Сол кезде адам ағзасында вирустар екі еселеніп, көбейе түседі.

– Қазіргі таңда Қостанай облысында 39 бала "В" және "С" гепатитін жұқтырған. Соның 38-і "С", 1-і "В" түрімен науқастанған. Ал Қостанай қаласы бойынша 8 балада аталмыш гепатит түрлері бары анықталған. Ал биылғы жылы өңірде 5 гепатит тіркелген. Солардың ішінен яғни Рудный қаласынан екеуін "Ана мен бала" орталығына лейкоз ауруынан емделуі үшін жібердік. Сол екі бала "С" гепатитін жұқтырғаны айтылды.

Содан кейін 2 баланың ол медициналық орталыққа жіберілмей тұрып, 2 рет қан құйылғаны анықталды. Ол донорлардан медициналық сараптама барысында "С" гепатиті бары расталмады, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Жалпы, бүгінгі күні "В" гепатитіне қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, бізде сонда 24 мың екпе жасалады. Ең алдымен, ол жаңа туған сәбилерге егіледі.

Баспасөз мәжілісіне қа-тысқан жандардың бірі, Қостанай қалалық балалар ауруханасының инфекционист-дәрігері Гүл-нар Байгелованың айтуы бойынша, ересектердің барлығы "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында скринингтік тексерістен өте алады. Деректер базасында облыс бойынша 612 адам бар. Соның 485-і "С", 127-і "В" гепатитін жұқтырған. Олар диспансерлік есепке алынады. Биыл ересектер арасындағы "В" және "С" гепатитін жұқтырған науқастар үшін 177 млн.теңгеге дәрі-дәр-мек сатып алынған. Ал балалардың дәрі-дәрмегіне 10млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған. Мұн-дай дертке шалдыққан жандар бюджет есебінен емделеді. Яғни, барлық ем-дом тегін жүргізіледі.

Жанай-Керім САРИНА, www.kostanaytany.kz

Кустанай
Карта Костаная
Карта области

Счетчик посещений

Наши партнеры
Помогите детям

Banner

2003 © Interstan® .